Сегизбаева Нургуль Лесалиевна » №2 "Айсұлу" бөбекжай-бақшасы"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№2 "Айсұлу" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-35-56
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-35-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сегизбаева Нургуль Лесалиевна

05
июль
2022

Сегизбаева Нургуль Лесалиевна

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №2 «Айсұлу» бөбекжай-бақшасының мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын меңгерушісі Сегизбаева Нургуль Лесалиевна 1977 жылы 28 сәуірде Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлтоған ауылында дүниеге келген.


1983 жылы Көлтоған аулындағы №8 Лермонтов атындағы орта мектебінің
1-сыныбына барып, 1993 жылы осы аталған мектепті үздік аттестатпен бітірді. 1993 жылы Жамбыл қаласындағы Жамбыл педагогикалық институтына түсіп, 1997 жылы Жамбыл университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған. 


2013 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі берілді.


Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді.


Еңбек жолын 1997 жылдың қыркүйек айында М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі болып бастады.


2005 жылы аталған мектепте директордың әдістемелік орынбасары болып тағайындалды.


2009 жылы 2 қыркүйектен бастап Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №5 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына меңгеруші болып тағайындалды.


2022 жылдың 17 маусымынан бастап ротацияменен №5 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшасынан №2 «Айсұлу» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі қызметіне ауыстырылды.


Тараз қаласының қоғамдық өміріне белсене атсалысып, еңбек жолында қол жеткізген елеулі жетістіктері үшін және Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өтетін білім саласындағы қызметкерлердің педагогикалық кеңесіне орай Құрмет грамотасымен марапатталды. 
«Аманат» партиясының бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесі және білім саласындағы жемісті еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және Тараз қаласының қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жаңашыл балабақша» атты облыстық байқауына қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды. Тараз қаласы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен қалалық «Жаңашыл балабақша» байқауында қатысып, жүлделі І орынды иеленді. 


«Ұлы дала ұрпақтарының ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда асық терапиясын пайдалану» атты авторлық бағдарламасы негізінде бірнеше мақалалары жарияланды. «Бала мен балабақша» Республикалық педагогикалық журнал №10,2018ж «Ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың рөлі», Мектепке дейінгі мекемеде асық методикасын пайдаланудың тиімділігі» атты мақаласы жарияланды. «Бала мен балабақша» Республикалық педагогикалық журналы №10, 2021 ж «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлі» атты мақаласы жарияланған. «Ғылым жолы» Республикалық журналы, №3-2, 2021 «Тәрбие әдістерін тиімді пайдалану» тақырыбында мақаласы жарық көрді. «Бала мен балабақша» Республикалық педагогикалық журналы №3, 2023 ж «Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие берудің маңызы» атты
мақаласы жарияланды. 


Республикалық «Білім берудің мазмұндық және цифрлық трансформациясы жағдайындағы өңірлік әдістемелік қызмет» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинар аясында өткізілген «Тараз көктемі-2022» фитодизайн көрмесіне ұсынған үздік шығармашылық жұмысы үшін Бас жүлде Дипломымен марапатталды. Облыстық «Ұстазға сый...» атты фитодизайн көрмесіне үздік шығармашылық жұмысы үшін Бас жүлде дипломымен марапатталды.


Тұрмыс құрған. Үш баланың анасы. 


Өз қызметінде жас ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып, балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінің заманауи талаптарға сай қалыптасуына ықпал етіп, ұжыммен және ата-аналар қауымымен тығыз байланыста. Тәрбиешілердің балабақшадағы педагогикалық жұмысы отбасымен тығыз қарым-қатынаста жүргізілуіне аса мән беріледі. Заман талабына сай туындаған өзгерістер мен талаптарға жауап беріп, жаңашылдыққа жаршы болу, балабақшаға жаңа инновациялық технологияларды енгізу және оларды дамытуға, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасауды өз алдына мақсат етіп қояды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив