Сегизбаева Нургуль Лесалиевна » №2 "Айсұлу" бөбекжай-бақшасы"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№2 "Айсұлу" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-35-56
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-35-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сегизбаева Нургуль Лесалиевна

05
июль
2022

Сегизбаева Нургуль Лесалиевна


Биография

Сегизбаева Нургуль Лесалиевна
 Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 «Айсұлу» бөбекжай-бақшасының мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын меңгерушісі 
 1977 жылы 28 сәуірде Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлтоған ауылында дүниеге келген. 
 1983 жылы Көлтоған аулындағы №8 Лермонтов атындағы орта мектебінің 1 сыныбына барып, 1993 жылы осы аталған мектебін үздік аттестатпен бітірді. 
 1993 жылы Жамбыл қаласындағы Жамбыл педагогтік институтына түсіп, 1997жылы Жамбыл университетінің толық курсын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған. 
 2013 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі берілді. 
 Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді. 
 Еңбек жолында 1997 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі болып орналасты. 
 2005жылы аталған мектепте директордың әдістемелік орынбасары болып тағайындалды. 
 2009жылы 2 қыркүйектен бастап Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №5 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына меңгеруші болып тағайындалды. 

2022 жылдың 17 маусымынан бастап ротацияменен №5 бөбекжай-бақшасынан №2 «Айсұлу» бөбекжай-бақшасына ауыстырылды.
 «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қосқан қомақты үлесі үшін және Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі Тәуелсіздік күніне орай Құрмет грамотасымен марапатталды. 
 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. 
 Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастырумен өткізілген «Қазақстан Жолы-2050: Білім берудегі интеграция және инновациялар» атты Республикалық ғылыми-практикадан конференцияға белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 
 «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасы мен саяси Доктринасы талаптарын іске асырудағы белсенді қызметі үшін Алғыс хатпен марапатталды. 
 Облыстағы мектепке дейінгі мекемелерде тіл саясатын насихаттауға бағытталған «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» атты акцияға қатысып, белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 
 «Экологиялық тәрбиеде ТРИЗ технологиясының элементтерін пайдаланудың маңыздылығы» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 
 Мектепке дейінгі мекемелер педагогтарына арналған «Мектепке дейінгі мекеме педагогтарының кәсіби өсуі-тәрбие мен оқытудың жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарттары» атты облыстық педагогикалық оқуларына белсене қатысқаны үшін сертификат берілді. 
 «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелер: теория және практика» атты аймақтық ғылыми-әдіснамалық семинарға белсенді қатысқаны үшін сертификат берілді. 
 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бойынша «Мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудың инновациялық амалдары» тақырыбында сертификат берілді. 
 «Қазақстан Жолы-2050: Білім берудегі интеграция және инновациялар» атты Республикалық ғылыми-практикадан конференцияның еңбектері жинағында «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту: балабақша –мектеп-жоғары оқу орнының ынтымақтастығы» атты мақаласы жарияланды. 
 Бала мен балабақша Республикалық педагогикалық журнал №10,2018ж «Ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың рөлі»,Мектепке дейінгі мекемеде асық методикасын пайдаланудың тиімділігі» атты мақаласы жарияланды. 
 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу –әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жаңашыл балабақша» атты облыстық байқауына қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды. 
 Тараз қаласы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен қалалық «Жаңашыл балабақша» байқауында қатысып жүлделі І орынды иеленді. 

«Бала мен бақша» Республикалық педагогикалық журналы №10, 2021 ж – Ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлі атты мақаласы жарияланған.

«Ғылым жолы»  Республикалық журналы, №3-2, 2021 «Тәрбие әдістерін тиімді пайдалану» тақырыбында мақала жарық көрді.

2019 жылы «Тараз қаласының қоғамдық өміріне белсене атсалысып,   еңбек жолында қол жеткізген елеулі жетістіктері үшін және Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өтетін білім саласындағы қызметкерлердің педагогикалық кеңесіне орай Құрмет грамотасымен марапатталды. 

Республикалық «Білім берудің мазмұндық және цифрлық трансформациясы жағдайындағы өңірлік әдістемелік қызмет» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинар аясында өткізілген «Тараз көктемі-2022» фитодизайн көрмесіне ұсынған үздік шығармашылық жұмысы үшін Бас жүлде Дипломымен марапатталды.
 Тұрмыс құрған. Үш баланың анасы. 
 Жас ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып, балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінің заманауи талаптарға сай қа
лыптасуына ықпал етіп, ұжымның және ата-аналар қауымымен тығыз байланыста. Сондықтан тәрбиешілердің балабақшадағы педагогикалық жұмыстарды отбасымен тығыз бірлікте қарастыруының маңызы зор. 
 Заман талабына сай туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу, балабақшаға жаңа инновациялық технологияларды енгізу және оларды дамытуға жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ыңғайлы жағдай жасауды өз алдына мақсат етіп қойды. 






















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив